Енді тек ауа райының қолайлы кезін пайдаланып дәнді ысырапсыз жинап, қамбаға құю керек. Мамыр, маусым айларында жаңбырдың аз болғанына қарамастан, аймақ диқандары орта есеппен гектарына 10 центнерден өнім алуда.
Биыл өңірде 900 мың гектар алқапқа дән себілген. Егін орағына 2400-дей комбайн қатысуда. Мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен 17 мың тонна жанар-жағар май бөлінді. Қазір соның тең жартысы шаруаларға жеткізілген.
Сырым Бошпанов, Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- Жорамал бойынша 9,9 центнерден өнім алып, 890 мың тоннадай астық жинаймыз ба деп жоспарлап отырмыз. Бұл алынатын астық келесі жылға қажетті тұқым жинауға және биыл егін егуге алынған несиелерді жабуға бәріне жетеді деп ойлап отырмыз.
Руслан Нұрланұлы