ОҚО-да астық ору науқаны басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да астық ору науқаны басталды

05.07.2017

Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары астық ору науқанына кірісіп кетті. Көктемдегі күн райының қолайсыздығына қарамастан, бидай көп жерде бітік шыққан. Агротехникалық талаптарды тиянақты атқарған ірі шаруашылықтардың алды қазір егістіктің әр гектарынан 25-30 центнерге дейін өнім алып жатыр. Соның нәтижесінде биыл қамбаға 400 мың тоннадан артық  дән құйылмақ.

Хабарламаларға жазылу