Басты Жаңалықтар Алматыда ең ірі көлік тіркеу орталығына айыппұл салынды

Алматыда ең ірі көлік тіркеу орталығына айыппұл салынды

Алматыда ең ірі көлік тіркеу орталығына айыппұл салынды. Оған әлеуметтік желіде тараған ұзын-сонар кезектің видеосы себеп болған. 

Видеодан Халыққа қызмет көрсету орталығының маңында көп адамның жиналғанын байқауға болады. Ара қашықтық сақталмаған. Тіпті кейбіреуі маскасыз жүр. Тұрғындар құжаттарын тезірек тапсыруға тырысып, бірін-бірі итермелеген. Бұл видеоға қатысты қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері түсініктеме берді.

Кенжегүл Қонысбаева, - Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Шұғыл түрде мобильді топ жөнелтіліп, ХҚКО аумағында әлеуметтік қашықтықтың сақталмағаны анықталды. Тексеріс нәтижесінде Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 425-бабын басшылыққа ала отырып, ХҚКО әкімшілігіне хаттама толтырылды. Департамент тарапынан адамдар легін реттеу жөнінде нұсқау берілді.


Бөлісу