Қазақ автономиялық республикасының құрылғанына 100 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ автономиялық республикасының құрылғанына 100 жыл

25.08.2020

Осыған орай, «Ақжол» партиясының ұйымдастыруымен «Қазақ республикасының құрылуына «Алаш» қайраткерлерінің үлесі» атты онлайн конференция өтті.

Халықаралық жиынға Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан ғалымдары қатысты. Олар 1920 жылы 26 тамызда қабылданған тарихи құжаттың мазмұнын талқылады. Бұл Қазақ Республикасының шаңырағын көтеруге тұғыр болған шешім. Сондықтан, оның тарихи аспектілері мен «Алаш» идеясы қазіргі Қазақстан үшін де маңызды. Ал ғалымдар осы бағыттағы зерттеулердің теориялық және әдістемелік негізін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.



Хабарламаларға жазылу