Биыл қазақ телевизиясының құрылғанына - 65 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл қазақ телевизиясының құрылғанына - 65 жыл

20.01.2023

Биыл қазақ телевизиясының құрылғанына - 65 жыл. Осы жылдары Ұлттық арна - қазақ зиялы қауымының рухани, мәдени ошағына айналды. Қоғамдық құндылықтардың дамуына, ұлттық сана сезімнің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосты.  Қазірде арнаның басты ұстанымы - уақыт талабына сай тың әрі мазмұнды жобалар ұсыну. 40 жылдан аса уақыт осы арнада қызмет істеген редактор, білікті журналист Құсыман Игісінов өткен ғасырды тебіреніспен еске алды. Қара шаңырақта телевизия үшін тер төккен журналистер мыңдаған жас өренді тәрбиелеп, отандық телевизия мектебін күшейтуге бір кісідей атсалысты. Әсіресе, алғашқы хабарды таратуға қатысқан жандардың еңбегі ерен. Әр эфирді қарап, қадағалап отырамын деген ақсақал қазір Ұлттық арна сан-салалы бағытты қамтып, өзіне жүктелген миссияны абыроймен атқарып келеді дейді. 

Құсыман Игісінов, Телевизия ардагері, ҚР Мәдениет қайраткері:
Қазақ теледидары осы Алматыда 1958 жылы мынау төменгі үйде Алматы студиясы болып ашылған. Сонда ең алғашқы хабар жүргізген диктор Совет Мазғұтов. Оның жанында Зұлқия Жұматова апамыз болған. Қазір біз енді Ұлттық арна болып отырмыз ғой. Ұлттық арна деген сөздің астарында көп мағына бар. Жазмыштың өзіне мың да бір рахмет айтар едім. Осы теледидарды қазақтың маңдайына сыйлағаны үшін.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу