Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай көшпелі кеңес өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай көшпелі кеңес өтті

21.08.2020

Жиында Еуразия ұлттық университетінде былтыр ашылған «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының атқарып жатқан жұмысы сараланды. Құрылғалы бері институтта 100-ден астам ғалым Абайды этнолингвистика, әлеуметтану, тарих және мәдениет тұрғысынан зерттеп жатыр. Бір жылға жетер-жетпес уақытта 100 данадан 16 кітап басып шығарылды. Жыл соңына дейін 10-ға жуық ғылыми еңбек жарияланбақ.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов :

-Академияның қызметі мемлекет басшысының жіті бақылауында деп айтсам артық емес қой деп ойлаймын. Солай болуы да керек. Абай атамыздың орны да бөлек. Жолы да бөлек. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу