Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай монета шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай монета шықты

10.08.2020

Ұлттық банк Абайдың торқалы тойына орай монеталар шығарды. 500 теңгелік күміс монетаның 1500 данасы және номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан дайындалған 8000 монета, нейзильбер қоспасынан әзірленген 75 000 дана монета айналымға шықты. Теңгелердің сырты ұлы ақынның бейнесі, туған жылы мен ұлттық ою-өрнекпен безендірілген. Аталған коллекциялық монеталар төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылданады.  

Ләззат Жандар 

Хабарламаларға жазылу