Қазақстан мен Ресейдің ғарыш саласындағы әріптестігі одан әрі нығая түспек. Бүгін Премьер-Министр Асқар Мамин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесіп, осы бағыттағы өзекті мәселелерді талқылады. Оның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағын дамыту мен Жерді қашықтан зондтаудың бірлескен іс-қимылдары да бар. Әсіресе, «Бәйтерек» бірлескен ғарыш зымыран кешенін құру жобасына және БАӘ-мен бірлескен «Гагарин стартын» жаңғырту жобасына баса мән берілді.