Мұнай-газ химия саласында бірқатар жобалар талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай-газ химия саласында бірқатар жобалар талқыланды

08.10.2021

Премьер-министр Асқар Мамин Сибур холдинг басқарма төрағасы Дмитрий Коновпен кездесті. Тараптар полипропилен және полиэтилен өндірісін бірлесіп іске асыру мәселелерін талқылады. Бұл мұнай-газ химиясы өнеркәсібінде ірі инвестициялық жобалардың бірі. Осы орайда келер жылы Атырауда газ-кешенінің базасында бірлескен кәсіпорын ашу көзделуде. Әңгіме барасында, сондай-ақ, мұнай-газ химия саласында қазақстандық мамандарды даярлау мәселесі де қарастырылды.


Хабарламаларға жазылу