«СК Фармацияның» бұрынғы басқарма төрағасы қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«СК Фармацияның» бұрынғы басқарма төрағасы қамауға алынды

14.08.2020

«СК Фармацияның» бұрынғы басқарма төрағасы Берік Шәріп қамауға алынды. Ол туралы Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі хабарлады. Экс-шенді төтенше жағдай кезінде медициналық өнімдерді сатып алуда қызметін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Сот санкциясымен ол бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Еске салсақ Берік Шәріп 2018 жылдан 2020 жылға дейін СК Фармация басқарма төрағасының қызметін уақытша орындап, сәуірде төраға қызметіне ресми тағайындалған. Ал 10-шы шілде күні Мемлекет басшысы мекеме басшысын жұмыстан босату туралы тапсырма берген болатын. 

Данияр Биғайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі:

Күдіктінің айыбы бойынша соңғы шешімді сот шығарады. Өзге ақпарат тергеу амалдарына байланысты құпия сақталады.  

Азамат Алдоңғар

Хабарламаларға жазылу