Түрлі вирустық аурудың салдарынан қан тамыры қабынса Кавасаки синдромы болуы мүмкін. Бұл ауру елімізде пандемияға дейін де тіркеліп, жылына кемі 2-3 бала ауырған. Алайда қазір коронавируспен ауырған балаларда осы синдромға ұқсас ауру белгілері анықталып жатыр. Ковидтің жеңіл не симптомсыз түрімен ауырған балаларда 2-3 аптадан соң асқыну байқалған. Елордада науқастанған 7 баланың екеуінен ковид анықталыпты. Кавасаки тәрізді синдроммен науқастанған балалардың жас ерекшеліктері әртүрлі.
Роза Өтегенова, Нұр-Сұлтан қаласы №3 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
Олар әрі қарай учаскелік дәрігердің бақылауында болуы тиіс. Қалған бір бала ауруханада ем алып жатыр. Барлық тексерістер толығымен жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні баланың жағдайы жақсы.
Раушан Сайлауқызы