Елімізде балалар арасында ковидке ұқсас кавасаки вирусы анықталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде балалар арасында ковидке ұқсас кавасаки вирусы анықталған

10.08.2020

Елімізде, коронавируспен емделіп жатқан 114 баланың үшеуінен Кавасаки синдромы анықталған. Олар Алматы, Нұр-сұлтан Петропавл қалаларында емделіп жатыр. Мамандардың мәліметінше кавасаки дегеніміз инфекциялық аурулардың салдарынан жүрек қан тамырларының қабынуы. Яғни, негізді қоздырғышы вирустық және бактериялық аурулар. Синдром белгілері инфекциялық аурумен науқастанғанда немесе, арада 3-4 ай өткенде байқалады. Мамандар аурудың бұл түріне коронавирустің ықпалы бар екенін жоққа шығармайды. Әсіресе, балалар арасында жиі кездесуі мүмкін. Ауру адамнан адамға жұқпайды. 

Жанар Бөкенова, Нұр-Сұлтан қаласы №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының инфекционист-дәрігері:

Ең бірінші темпиратураның өте жоғары болуы, дене қызу дәрілеріне түспеуі, баланың денесінде, бетінде, алақанында бөртпелер пайда болады. Аяқтары ісінуі мүмкін. Көздің қызаруы болуы мүмкін. Бұлар кавасакидің белгілері. Дереу дәрігерге қаралу керек.

Раушан Сайлауқызы 


Хабарламаларға жазылу