«Қазақмыс» компаниясына қарасты кеніштердің бірінің басшылары мінген автомобиль жүк көлігіне соғылып, оқиға салдарынан 4 адам қайтыс болды.
Жол-көлік оқиғасы Қарағанды-Жезқазған тасжолының 123-ші шақырымындағы Нұртай елді мекенінің тұсында таңға жуық болған.
Қайғылы қазаға ұшырағандар Шығыс-Жезқазған кенішінің директоры Мадияр Қырықпішев пен оның жары Әсел Нұрекенова және шахта инженері Рахат Смағұлов пен пен бөлімше басшысы Алексей Левашов.
Барлығы да отыздар шамасында. Сондай-ақ, көлік салонында болған екі жасар сәби дереу ауруханаға жеткізілген. Қазір дәрігелер баланың денсаулығын жіті назарда ұстауда.
Жанатай Сембеков, Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы:
Қарағанды-Жезқазған тасжолында «Volkswagen» және «ГАЗ-53» автокөліктерінің соқтығысуынан болған жол-көлік оқиғасынан жеңіл көлік жүргізушісі мен 3 жолаушының қаза тапқаны анықталды. Аталған факті бойынша қылмысық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жалғасуда.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ