Алматыда көлік кептелісі кемиді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда көлік кептелісі кемиді

13.08.2020

Алматының жол жөндеу жұмыстарына биыл 15 миллиард теңге бөлу қарастырылған. Алайда, эпидемиологиялық ахуалға байланысты қаражат мөлшері азаюы мүмкін. Бұл туралы шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Қазір қалада 283 көше жөнделіп жатыр. Бүгінде ұзындығы 62 шақырымнан асатын 91 көше орташа жөндеуден өткен. Жыл соңына дейін жолдардың 80 пайызын сапалы ету жоспарланып отыр.

Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:

Ауыз су мәселесі де, жол, газ, мектеп, жол шамдары болса да көзбе-көз кездесудің нәтижесінде айтылып шешіліп жатыр. Қазір қалада 283 көше жөнделіп жатыр. Бүгінде ұзындығы 62 шақырымнан асатын 91 көше орташа жөндеуден өткен. Жыл соңына дейін жолдардың 80 пайызын сапалы ету жоспарланып отыр.

Нұрхан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу