Невада шөліндегі көлік кептелісі сейілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Невада шөліндегі көлік кептелісі сейілді

07.09.2023

Невада шөлінде тұралап, кептеліп қалған мыңдаған көлік керуені қайта жолға шықты. Толассыз жаңбыр салдарынан жер сазға айналып, көліктер жүрмей қалған еді. 8 шақырымға созылған кептеліс тіпті ғарыштағы жер серіктері арқылы анық көрінген. Шөл фестиваліне қатысуға келген 64 мың адам балшық салдарынан жапан түзде бірнеше күн түнеуге мәжбүр болды. Кейбірінің ішер ас сулары таусылып қиналған. Тіпті аптап ыстыққа шыдай алмай көз жұмғандар да бар. Жыл сайын өтетін апталық өнер фестивалі биыл сынаққа айналды. Десе де жол қайта ашылып, көліктердің басым бөлігі невада шөлінен шығып ұзын сонар кептеліс азая бастады. 


Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу