Павлодар облысында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мертейтойына арналған іс шаралардың барлығы әлеуметтік желілер мен медиа ресурстарда онлайн режимінде өтуде.
Мәселен , жергілікті «Ертіс» телеарнасында «Абайдың өшпес әндері» атты караоке жобасы басталды. Ақын мұрасын насихаттауға арналған шараға кәсіби әншілерден бастап, студент жастар, оқушылар, тіпті қарт адамдарға дейін қатысып, қолдау білдіруде. Көпшілігі жаттанды, құлақ үйренген өлеңдерді емес, ел ішінде аса тарала қоймаған әндерді орындауға ден қойған. Ақынның сондай шығармаларының бірі «Тереңдеп қараймын» деп аталатын туындысы.
Руслан Жұмабаев, әнші:
Өмірімдегі ең жатталған әндердің ішіндегі ең қиыны деп осы әнді айтар едім. Себебі, әуені де, сөздері де сондай күрделі ән болды. Бірақ дайындықты талап етті. Өз даусыма салып, өз жүрегіме салып айтуға тырыстым.