«Әл-Фараби» шығармасын мемлекеттік хор капелласы орындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әл-Фараби» шығармасын мемлекеттік хор капелласы орындады

09.06.2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай, Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы көпшілікке жаңа туындылар ұсынды. Ұжым мүшелерінің сөзінше, тәуелсіздік алған жылдардан бастап Қазақстан композиторларының музыкалары әлемдік ареналарда орындалып, отандық музыка индустриясы жаңа белестерді бағындырды. Кеште Абайдың, Ахмет Жұбановтың және Ғазиза Жұбанованың шығармаларымен қатар, халық әндері де шырқалды. Сонымен қатар, «Әл-Фараби» туындысы алғаш рет үлкен сахнада орындалды. 

Хабарламаларға жазылу