Астанада Абай шығармашылығына арналған кеш өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Абай шығармашылығына арналған кеш өтті

26.04.2017

«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы». Елордада осындай атаумен әдеби кеш өтті. Биыл Абайдың осы және «Бөтен елде бар болса...», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Назарға» өлеңдеріне 130 жыл толды. Кеш барысында ұлы ақынның сыршыл әндері мен жүрекжарды жырлары оқылды. Жиылғандарға ақын өлеңдерінің түпкі мағынасы түсіндіріліп, әр жолына талдау жасалды. Сондай-ақ, Абайдың ел арасына кең таралмаған әндері шырқалды. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу