Қостанай облысының тұрғыны Батырбек Қашқынбайұлы Ұлттық арнаың эфирі арқылы жедел жәрдем қызметкеріне алғысын жолдады. Ол біздің редакциямызға бейнехабарламаны ватсап мессенджері арқылы жолдады. Отағасы 22 шілде күні түнде жедел-жәрдем шақыруға мәжбүр болыпты. Себебі жұбайының жағдайы күрт нашарлаған. Көп кешікпей жеткен мамандар, науқасқа ауруханаға бару қажеттігін түсіндіреді.
«Әйелім ауруханаға барғысы келмеді. Алайда, жедел-жәрдем дәрігері Юрий Петрушин, дәл сол сәтте медицина мекемесіне барып ем қабылдаудың маңыздылығын оған түсіндіре білді» - дейді отағасы. Бүгінде оның жұбайы дертінен құлан таза айыққан.
Батырбек Қашқынбайұлы, Қостанай қаласының тұрғыны:
Міне, бүгін менің жанұямның төрт көзі түгел. Жедел жәрдем қызметкері Петрушин Юрийге сіздердің эфирлеріңіз арқылы алғыс айтқым келеді. Елеімізде осындай азаматтар көп болсын.