Вирус әлі де көше кезіп, салғырттықтың ізін шолып жүр. Сол себепті, сақтық шараларын ұстану - басты міндет. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Балаеваға 3 сұрақ» атты жоба барысында осы сақтық шараларына кеңінен тоқталып, айыппұл – тәртіп орнатудың тетігі ғана деді. Министрдің айтуынша, карантин режимін бұзғандарға айыппұл салу арқылы мемлекет ақша табуды көздеп отырған жоқ. Ең басты мәселе – тәртіп.
Мысалы, осы күнге дейін бетперде тақпаған 5 мың адам анықталса, соның тек 495-іне ғана айыппұл салынған.
Сондай-ақ, министр қазір қазақстандықтардың жауапкершілігі артқанын жеткізді.
Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
Қазір халық тәртіпке, жауапкершілікке үйреніп келе жатыр. Соның барлығы індетпен бірге өмір сүру салтын қалыптастырып келе жатыр. Соған үйренуіміз керек. Ең бастысы – әр адамның жауапкершілігі.
Азамат Нұғыманов