Ливандағы жарылыс бойынша порттың 16 қызметкері тұтқындалды. Қазір оларға қарсы тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Алдын ала болжам бойынша, апат жөндеу жұмыстары салдарынан болған. Қайғылы оқиғадан кейін, Бейрут тұрғындары наразылық акциясына шықты. Олар үкіметті химиялық заттарды сақтауға қатысты немқұрайлық танытты деп айыптап, барлық кінәлілерді жауапқа тартуды талап етіп жатыр.
Жалпы жарылыс шығыны 15 миллиард доллар деп бағаланып отыр. Осыған байланысты Франция президенті Эммануэль Макрон қаланы қалпына келтіру үшін әлем елдерінен көмек сұрады.
Айта кетсек, 4 тамыз күні Бейрут портындағы қоймада жойқын жарылыс болып, 149 адам қаза тапты. 5 мыңнан астамы жараланған. Тағы ондаған адам із-түссіз жоғалғандар санатында.
Жансая Қапасқызы