Карантин тәртібін бұзған марқұмның туыстары айыппұл төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантин тәртібін бұзған марқұмның туыстары айыппұл төлейді

04.08.2020

Ақтауда жаназаға 100 ден аса адам жинаған отбасы айыппұл төлейді. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі кеше өткен.

Шараға карантиндік шектеулерге қарамастан адам көп жиналған. Шоғырланған халықты көрген өзге тұрғындар әлеуметтік желілерде шу көтерді. Олар шектеуге құлақ аспаған азаматтарды жауапқа тартуды талап етіп отыр. Жағдайдың алдын-алмаған жергілікті полиция департаментінің жұмысын сынап, қызметтік тергеу жүргізуді талап етті.

Бүгін марқұмның туысы бейнежазба арқылы маңғыстаулықтардан кешірім сұрады.


Хабарламаларға жазылу