Украинада карантин 31 қазанға дейін ұзартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада карантин 31 қазанға дейін ұзартылды

27.08.2020

Украинада эпидемиологиялық жағдай ушығып, билік карантинді 1 қарашаға дейін ұзартты.  Соңғы мәліметтер бойынша, бір тәулікте вирус жұқтырғандар саны 2 мың адамға жуықтады.

Аида Барлыбек, тілші:

- Украинада коронавирустың таралауы, әсіресе, тамыз айында өрши түсті. Соңғы екі аптадағы көрсеткіш бойынша, вирус жұқтырғандар саны бір тәулікте 2 мыңнан асып жығылды. Сондықтан 31 шілдеде шартты карантин аяқталмайды, Украина Үкіметі карантинді 31 қазанға дейін ұзартып отыр. 29 тамыздың түнінен бастап 28 қыркүйекке дейін жолаушылар тасымалына тиым салынбақ.

Сондай-ақ, клуб және кафе, мейрамханалар сағат түнгі 23:00-ге дейін ғана жұмыс жасайтын болады. Карантин тәртібін бұзған жеке тұлғаға салынатын айыппұл Украинада 620 доллардан 1200 долларға дейін жетіп отыр. Ал егер карантин шартын шағын бизнес сақтамаса, оларға 6300 доллардан 12 600 АҚШ долларына дейін айыппұл салынады. Тәртіпке бағынбағандарды ұлттық полиция жазасыз қалдырмауда. Карантин қарашаға дейін созылғанмен, мектептерде сабақ болады. Ал университеттерде лекция онлайн өтсе, сессияны студенттер университетке келіп тапсырады.  

Хабарламаларға жазылу