Алматыда алдағы демалыс күндері, яғни 31 шілде мен 2 тамыз аралығында қоғамдық көліктер мен метро жұмысы тоқтайды. Қаланың бас санитарының тиісті қаулысы жарияланды. Жандарбек Бекшин шаһар тұрғындарын түсіністік танытуға және санитарлық талаптарды сақтауға шақырды. 3 тамыз күні таңғы 06:00-ден бастап қоғамдық көліктер қайта жұмысын бастайды.
Нұрхан Нұрланұлы