Шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,3 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданды.
Төлем 2 млн 80 мың адамға тағайындалды. Қазіргі таңда ақшалай қаражат 2 млн 58 мың қазақстандыққа аударылған.
МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2,3 млн-нан астам өтінімнің ішінде:
– 833,3 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
– 578,9 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
– 314,6 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 595,8 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санаттары бөлінісінде:
– 833,3 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
– 186,5 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;