![«Байтерек» монументінің авторы Ақмырза Рүстембеков дүниеден озды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/7/30/1596081375621.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
29 шілде күні Қазақстанның құрметті сәулетшісі, «Астана-Бәйтерек» монументінің авторы Ақмырза Рүстембеков өмірден озды.
Ақмырза Рүстембеков - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті сәулетшісі, Шығыс елдерінің Халықаралық сәулет академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, Ресей сәулетшілер одағының құрметті мүшесі, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі.
Рустембеков «Астана-Байтерек» монументінің авторы. Жоба Қазақстанның тұңғыш президенті Назарбаевтың бастамасымен әзірленген болатын. «Астана-Байтерек» нысаны үшін сәулетшіге Халықаралық сәулетшілер қауымдастығының байқауында 2002 жылдың «Үздік құрылыс нысаны» аталымында гран-при мен Алтын медальға ие болды.
«Қазақстан» РТРК» АҚ ұжымы Ақмырза Рүстембековтың жақындары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Байтерек» монументінің авторы Ақмырза Рүстембеков дүниеден озды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/129611/)