Композитор Кеңес Дүйсекеев өмірден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Композитор Кеңес Дүйсекеев өмірден өтті

09.07.2020
Композитор Кеңес Дүйсекеев өмірден өтті

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор Кеңес Дүйсекеев 74 жасқа толған шағында дүниеден озды.

Белгілі өнер саңлағы 1946 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысында дүниеге келген. Алматы консерваториясын тәмамдаған. «Гүлдер» ансамблінің бас дирижері, музыка жетекшісі, «Қазақконцерт» бірлестігінің көркемдік жетекшісі, Қазақ телевизиясы музыка редакциясының бас редакторы болды. 

«Толғау» симфониясының, «Жалаңтөс батыр» симфония поэма-картинасының, «О, дүние» кантатасының, «Жыл мезгілдері» романстар циклінің, «Мәди», «Аққу Жібек» мюзиклінің, «Алдар көсе» опереттасының және тыңдарман жүрегінен өшпес орын алған 200-ден астам әннің авторы. «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері. 

Хабарламаларға жазылу