Фариза Оңғарсынова дүниеден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фариза Оңғарсынова дүниеден озды

24.01.2014
Фариза Оңғарсынова дүниеден озды
Қазақ поэзиясы орны толмас қазаға ұшырады.  23 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық жазушысы, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова 75-ке қараған шағында дүниеден өтті.
 
Өлеңін өрнектеп, жыр маржанын тізіп, соңында өшпес із қалдырған ақын қазақ әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосты. Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді.  «Сандуғаш»,  «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын» деген өлеңдері жырсүйер қауымның жүрегінен ойып тұрып орын алды.
 
Ақынның жарқын бейнесі мен жауһар жырлары халықтың жүрегінде мәңгі қалады.

Хабарламаларға жазылу