Пәкістанның Гилгит қаласында заңсыз қару-жарақ сатқан саудагерлерді ұстау операциясы барысында құқық қорғау органдарының 5 қызметкері қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды. Бұдан бөлек екі бейбіт тұрғын зардап шеккен.
Гилгит-Балтистан провинциясының Диамир округі полиция басқарамасы таратқан мәліметтерге сүйенсек, қылмыскерлер оқиға орнынан қашып үлгерген.
«Күдіктілердің заңсыз қару-жарақ саудасына қатысы бар болып шықты. Жақын арада оқиға туралы толық есеп дайындалады», - деді провинцияның уақытша бас министрі Афзал Хан.
regnum