Пәкістанда жарылыстан 44 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда жарылыстан 44 адам қаза тапты

31.07.2023

Пәкістанда жарылыстан 44 адам қаза тапты. Жараланғандар саны 200-ге жуықтаған. Жарылғыш затты жанкешті-лаңкес іске қосқан. Шабуыл исламдық партияның сайлауалды митингі кезінде болды. Шараға 500-дей адам жиналған. Қауіпсіздік күштері қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны көбеюі мүмкін екенін ескертіп отыр. Оқиға болған жер қоршауға алынды. Шабуылды әзірге ешқандай топ мойнына алған жоқ.     


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу