Соңғы тәулікте ел бойынша 4800-ден астам адам вирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы тәулікте ел бойынша 4800-ден астам адам вирус жұқтырған

12.01.2022

Коронавируспен ауырғандар саны бір тәулікте екі есеге артты. Кеше 4800-ден астам адам вирус жұқтырған. Алдыңғы күнгі көрсеткіш 2216 болатын. Осылайша елде науқастанғандар саны 1 миллионнан асты. Ауру әсіресе елордада өршіп тұр. Вирус жұқтырғандың 3312-сі Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Кейінгі орында Алматы, Шымкент қалалары тұр.

Хабарламаларға жазылу