Қазақстанда ажырасу көрсеткіші 2,6 есе азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда ажырасу көрсеткіші 2,6 есе азайды

10.02.2021
Қазақстанда ажырасу көрсеткіші 2,6 есе азайды

2020 жылдың 3 тоқсанында Қазақстанда 87,6 мың неке тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 15,7%-ға аз, деп хабарлайды ranking.kz.

Сондай-ақ былтыр ажырасу көрсеткіші 2,6 есе азайды. 17,3 мың жұп ажырасқан.

Қалаларда неке саны 60,4 мыңға немесе 17,5%-ға, ауылдарда 27,2 мыңға немесе 11,6%-ға азайды. Ал ажырасу саны қалаларда 12,7 мыңға немесе 73,4%-ға, ауылдарда 4,6 мыңға немесе 26,6%-ға кеміді.

Ажырасу көрсеткіші ең аз тіркелген өңірлер: Қызылорда(4 есе), Атырау (3,7 есе) және Батыс Қазақстан облыстары (3,1 есе). Алматыда 2 мың, Нұр-Сұлтан қаласында 1,4 мың жұп некесін бұзған.


Хабарламаларға жазылу