Қазақстанда коронавирустан 40-қа жуық жүкті әйел көз жұмды
Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызы мәлімдеді.
«Баланың шетінеуі туралы статистика жоқ. Бірақ елімізде коронавирустан 40-қа жуық жүкті әйел қайтыс болды», - деп жауап берді вице-министр тілшілер сұрағына.
Оның айтынша, республика бойынша COVID-2019 індетінен балалар арасында өлім тіркелмеген.