COVID-19-дан көз жұмғандар саны 58-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

COVID-19-дан көз жұмғандар саны 58-ге жетті

09.06.2020

Қазақстанда коронавирустан тағы екі адам қайтыс болды. Нұр-Сұлтан қаласында 1966 жылғы ер адам, ал Павлодар облысында 1957 жылғы әйел індеттің ілмегіне ілініп көз жұмды. Сонымен ел бойынша бұл дерттен қайтыс болғандар саны 58-ге жетті.

Кеше елімізде тағы 215 адамнан вирус анықталған. Жалпы науқастар саны 13 мыңнан асып кетті. Олардың 8 мыңға жуығы аурудан айығып шықты. Ал өткен тәулікте ауру белгілері жоқ 339 тасымалдаушы тіркелген. Жалпы, симптомсыз науқастардың ресми саны 1700-ге жуықтады. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу