Елімізде коронавирустан 3 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде коронавирустан 3 адам көз жұмды

03.06.2020
0:00:00
0:00:00

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кеше Қазақстанда Covid-19 дертінен 3 адам көз жұмды. Олар 1959 жылы туған елордалық ер адам мен 1956 жылғы Шымкент қаласының азаматы. Ол да ер кісі. Сондай- ақ Павлодар облысында 1935 жылы туған әйел адам індеттің ілмегіне ілініп, қайтыс болды. Елімізде коронавирустан қайтыс болғандардың көрсеткіші төмен деңгейде. 0.4 пайыз. Дегенмен бір апта ішінде бір күнде 3 адамның көз жұмғаны туралы дерек екінші мәрте тіркеліп отыр.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу