Қазақстандағы қоқыс орындары мәселесі қалай шешіледі? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы қоқыс орындары мәселесі қалай шешіледі?

14.07.2020
Қазақстандағы қоқыс орындары мәселесі қалай шешіледі?

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет басшысынан әкімдіктерге бір ай мерзім ішінде заңсыз қоқыстарды жою жұмыстарын тапсыруды сұрады.

«Жыл өткен сайын заңсыз қоқыс орындары көбейіп барады. Шыны керек, бұл мәселенің шешімі әлі табылмай келеді. «Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясының ғарыштық мониторингі шеңберінде 11 шілдедегі жағдай бойынша 7,5 мыңнан астам осындай қоқыс орны анықталды. Біз әкімдіктермен бірлесіп оларды жою жоспарын әзірледік», - деді деді Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында. 

Осы ретте министр Үкімет басшысынан әкімдіктерге бір ай мерзім ішінде заңсыз қоқыстарды жоюды тапсыруды сұрады. 

«Бұдан басқа жаңа заңсыз қоқыс орындарының пайда болуына барынша жол бермеу қажет. Ол үшін қоғамдық рейдтер өткізіп, анықталған фактілерді жұртқа жария етуді ұсынамыз. Алайда осы мәселені жүйелі түрде шешу үшін жаңа Экологиялық кодексте қоқыс шығаратын көліктерге GPS - датчиктерді міндетті түрде орнату шаралары көзделді. Өз кезегінде қоқыс шығару тарифтерінің төмендігінен қоқыс өңдеу саласы инвесторлардың аса бір қызығушылығын тудырмайды. Осыған орай Мемлекет басшысының «Waste to energy» технологиясын енгізу мақсатында заңға тиісті өзгерістер енгізілуде», - деді ол.

Хабарламаларға жазылу