Премьер-Министр Асқар Мамин қауіпті инфекциядан көз жұмған қазақстандықтардың отбасына көңіл айтты. "Осынау күрделі кезеңде Қазақстан індетпен күресуде. Өкінішке қарай, індеттен отандастарымыз көз жұмды. Қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын", - деді Үкімет басшысы.