Асқар Мамин коронавирус жұқтырды деген ақпарат жалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Мамин коронавирус жұқтырды деген ақпарат жалған

07.07.2020
Асқар Мамин коронавирус жұқтырды деген ақпарат жалған

Министрлер кабинетінің басшысы Асқар Мамин коронавирус жұқтырды деген ақпарат жалған. Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Жекелеген Telegram-каналдарда жарияланған Премьер-Министр Асқар Маминнен коронавирус анықталды деген ақпарат жалған және шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта Үкімет басшысы кестеге сай жұмысын жалғастыруда және 10 шілде күні Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысына дайындық жүргізуде. Премьер-Министрдің баспасөз қызметі ресми дереккөздердің ақпаратына ғана сенуге шақырады», - делінген мәліметте.

Хабарламаларға жазылу