Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 106-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 106-ға жетті

28.01.2020
Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 106-ға жетті

Қытайда коронавирус құрбандарының саны 106-ға жетті. 4500-ден астам адам вирус жұқтырған. Олардың 976-сы ауыр халде. 60 науқас ауруханадан шығарылған.

Вирустың алдын алу шаралары күшейтілгенімен, бір тәулікте ауру жұқтырғандардың саны күрт өскен. Қайтыс болғандардың көбі - қариялар мен тыныс алу проблемалары бар жандар. 

Сондай-ақ 6973 адам вирус жұқтырды деген күдікпен бақылауда тұр. Науқастармен тікелей байланыста болған 44 132 адам дәрігерлер назарында.

Еске сала кетейік, 26 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан аумағында коронавирустың тарауына жол бермеу және оның алдын алу шаралары жөнінде кеңес өткізді. Кеңес қорытындысы бойынша Үкімет басшысы келесі кешенді алдын алу шараларын қабылдауды тапсырды. 

Елімізде коронавирусқа байланысты жедел желі іске қосылды (1406, +7 717 2 76 80 43). 

Өңірлердегі барлық әуежайда профилактикалық шаралар және оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілуде.

trthaber.com

Хабарламаларға жазылу