Ұлттық Домбыра күні

05.07.2020

Домбыра қазақтың ұлттық аспабы ғана емес, жаны. Сондықтан домбыраны қадір тұтып, төрге ілеміз. Киелі аспапты қастерлейтініміздің белгісі ретінде шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып бекітілген, биылғы мейрам бүгінге сәйкес келді. Тілге әуелі Қадыр ақынның нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра деген өлеңі оралады. Сосын құйқаңды шымырлататын термелер мен жырлар тұрған жеріңнен жұлып алып, шетсіз-шексіз далаға алып кетеді. 

Хабарламаларға жазылу