Домбыраны насихаттауда неден қателестік?

04.07.2020

Ғалымдар «қазақтың 7000-нан астам күйі бар, 20-дан аса домбыраның түрі бар», - дейді. Бірақ қазіргі қоғамда ұлттық аспабын экспонат көріп, күйін ескіліктің сарыны деп сампылдап жүргендерді көз көрді. Адасқан бірді-екілі адам бар ма, демек бұл тұтас қоғамның сүйегіне таңба. Көкірегі соқыр соларға көзі көрмейтін Жұмабек Мұқиятұлы деген қазақ үлгі. Қытайдың Алтай аймағында тұратын қандасымыз қазір күмбірлетіп күй тартады, 7 нотаны қағазға жазып жаттататын ғалымдардың өзі таңдай қағады. Жұмабек мұны қарапайым тілмен түсіндіреді, күй сөйлейді, өзіне құштар өнерпазға тіл қатады.

Еркін Съезұлы

Хабарламаларға жазылу