Біржан салдың домбырасы бүгінгі ұрпаққа дін-аман жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біржан салдың домбырасы бүгінгі ұрпаққа дін-аман жетті

15.09.2014
Біржан салдың домбырасы бүгінгі ұрпаққа дін-аман жетті

Үш жүзді әнмен қырған Біржан салдың домбырасы бүгінгі ұрпаққа дін-аман жетті.  Тарихи жәдігер қазақ музыкалық саз аспаптары музейінде тұр. Жазушы, қоғам қайраткері Әшімбек Бектас үйінде әншінің қолының табы қалған домбыраны 40 жылдай сақтапты. Кейін 1981 жылы музейге табыс еткен.

«Бұл домбыраны 1885 жылы жасаған деп Әшімбек Бектас ақсақал айтып еді.  Әшімбек Бектас – қазақ музыкасы үлкен үлес қосқан жан. Мәдидің, Біржанның басына тас орнатып, зираттарын жөндеген адам еді. 1981 жылы осы музейге келіп, Біржанның домбырасын өткізген еді», дейді өнертанушы Жарқын Шәкәрім.

1943 жылы Әшімбек Бектас Көкше жеріне барады. Сол кездері ақынның зиратын тұрғызуға мұрындық болыпты. Осы еңбегіне разы болған Біржан салдың туысы 78 жастағы Фазыл ақсақал домбыраны аманаттаған.

Бүгінде музейде тұрған жәдігердің ерекше күтіммен сақталғаны байқалады. Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу