Алматыда табыссыз қалған отбасылар атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдіре алады. Бұл туралы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының өкілдері айтты.
Алайда құжат жинап, арнайы мекемеге барудың қажеті жоқ. Себебі өтініштер ақпараттық жүйе арқылы автоматты түрде рәсімделеді. «Бұл жүйе көпшіліктің қауіпсіздігі үшін, тікелей байланысты болдырмау үшін қажет», - деді әкімдіктегілер.
Сонымен қатар, бұған дейін атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат өткізбегендер де «Электрондық үкімет» порталы арқылы өтініш бере алады.
Нұрхан Нұрланұлы