Елордада 15 мың оқушыға тегін мектеп формасы беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 15 мың оқушыға тегін мектеп формасы беріледі

13.08.2021

Елордада 15 мың оқушыға тегін форма беріледі. «Жалпыға міндетті орта білім» акциясы биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Акция шеңберінде елорда әкімдігінің қолдауымен жекелеген санаттағы балалардың әрқайсысына 40 мың теңгеден бөлінеді. Олар 30 сауда нүктесіне барып, классикалық үлгідегі қажетті киімдерін сатып алады. Қайырымдылық шараға 18 отандық тауар өндіруші қолдау танытпақ. Мемлекет қаражатын басқа мақсатқа жұмсау мүмкін емес. Әлеуметтік карточка мамандардың бақылауында болады. 11 тамыз - 31 қазан аралығында өтетін акцияға қатысу үшін ата-ана балалар оқитын мектепке барып, әлеуметтік статусын растауы тиіс. Көмекке аз қамтылған отбасылардың балалары, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдай салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылар мен өзге де санаттағы білім алушылар өтініш бере алады. 

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу