Әлем елдерінің басшылары Елбасын мерейтойымен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем елдерінің басшылары Елбасын мерейтойымен құттықтады

03.07.2020

Нұрсұлтан Назарбавтың атына көптеген елдің басшыларынан құттықтау келіп жатыр. Бұл туралы елбасының баспасөз қызметі хабарлады. Әлем елдерінің басшылары Тұңғыш Президентті алдағы мерейтойымен және елорда күнімен құттықтап, ізгі лебізін білдіріп жатыр.

Көршілес Ресей елінің президенті Владимир Путин де арнайы видео жолдап, Назарбаевтың Қазақстанның дамуына қосқан үлесін атап өтті.

Ал БҰҰ-ның бұрынғы басшысы Пан Ги Мун Тұңғыш Президентті телефон арқылы хабарласып құттықтады. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу