Ертең Нұрсұлтан Назарбаев 80-ге толады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең Нұрсұлтан Назарбаев 80-ге толады

05.07.2020

Апта бойы Тұңғыш президентке құттықтаулар түсті. Әлем елдерінің басшылары Қазақстанның бірінші президентін мерейтойымен құттықтап, лебіздерін білдіріп жатыр. Олардың арасында БҰҰ-ның бұрынғы басшысы Пан Ги Мун,Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Испания Королі Фелипе, Монако князі II Альбер, Чехия Президенті Милош Земан, Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Ашраф Ғани бар. Сондай-ақ, Израиль Мемлекетінің Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяху, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Грузия Президенті Саломе Зурабишвили, Австрия Республикасының Федералдық Президенті Александр Ван дер Беллен, Хорватия Республикасының Президенті Зоран Миланович, Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэ, Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан және Канаданың генерал-губернаторы Джули Пайетт пен Сингапурдың Премьер-Министрі Ли Сиань Лун құттықтаған. Бүгін Түркияның бұрынғы президенті Абдулла Гүл телефон соғып құттықтаған. Ал Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин видео сәлемдеме жолдаған. 

Хабарламаларға жазылу