Тәуелсіздіктің 25 жылдығы - ширек ғасыр ішіндегі іргелі істерді қорытындылайтын мерейлі сәт - Дәурен Абаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы - ширек ғасыр ішіндегі іргелі істерді қорытындылайтын мерейлі сәт - Дәурен Абаев

16.12.2016
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы - ширек ғасыр ішіндегі іргелі істерді қорытындылайтын мерейлі сәт - Дәурен Абаев

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерейтойымен құттықтады.

«Баршаңызды ұлы мереке – Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ширек ғасыр ішіндегі іргелі істерді қорытындылайтын мерейлі сәт. Осынау жылдар ішінде Қазақ елі Елбасының басқаруымен талай белден, талай асудан асты. Жоғымызды түгендеп, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырттық. Мемлекеттік тіліміз төрге озды. Әлем таныған берекелі де мерекелі ел болдық. Осының бәрі - ең алдымен қастерлі Тәуелсіздіктің арқасы.

Баршаңызды ұлы мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін!  XXI ғасыр қазақтың алтын ғасыры болғай!», делінген құттықтауда.

Хабарламаларға жазылу