Тамыз айында тағы бір ҰБТ өтеді
Оған наурыз айындағы ақылы ҰБТ-ға тіркелгендер мен маусымдағы тестілеуден сүрінгендер қатыса алады.
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.
«Құжат қабылдау 25 шілде-1 тамыз аралығында жүргізіледі. Ал ҰБТ 17-20 тамыз күндері өтеді. Жаңадан өтініш берудің қажеті жоқ. Жеке кабинетке кіріп, өзгеріс енгізсеңіз болғаны: қай қалада және қандай тілде тест тапсыратыныңызды көрсету қажет. Аталмыш функция 7 шілдеден қолжетімді болады», - делінген хабарламада.