Алдағы демалыс күндері карантин талаптары күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы демалыс күндері карантин талаптары күшейеді

21.08.2020

Бас санитардың қаулысына сәйкес шектеулер тек жұмыс күндері кезең-кезеңмен жеңілдетіліп отырады. Ал демалыс күндері сақталатын ережеге тоқталсақ, қоғамдық көліктер жүреді, тек саны шектеулі болмақ. Жасы 65-тен асқан адамдар көшеге шықпауы тиіс. Сауда үйлері және ойын-сауық орталықтары, азық-түлік емес және жабық жердегі азық-түлік базарлары, косметологиялық қызмет көрсетететін нысандар, спорттық-сауықтыру орталықтары, қоғамдық моншалар, білім беру мекемелеріндегі түзету кабинеттері, ашық аттракциондар жұмысын тоқтата тұруы тиіс. Қоғамдық тамақтану орындары тек жазғы терассалармен шектеледі. Ал Алматы тұрғындарына демалыс күндері ұлттық парктерге баруға, тауға шығуға тыйым салынады. 

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу