Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан тағы 11 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан тағы 11 адам көз жұмды

26.06.2020

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан тағы 11 адам көз жұмды. Бұл осы уақытқа дейін тіркелген антирекорд. Елордада бір күннің ішінде 7 бірдей адам дерттен айыға алмай, қайтыс болған. Жалпы елімізде вирус құрбандарының саны 147-ге жетті. Ал өткен тәулікте Қазақстанда 465 адамнан індет табылған. Мұнан бөлек, ауру белгілері жоқ 883 тасымалдаушы тіркелді. Жалпы коронавирусты жұқтырғандар саны 20 мыңға жуықтап қалды. 12 мыңнан аса адам жазылып шыққан. Ал симптомсыз науқастардың ресми саны 13 жарым мыңнан асып жығылады.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу